Қабылдау ережелері (Магистратура)

Магистратураға түсушілерге 2022 ж.:

Қабылдау ережесі


✅ Магистратураға түсушілердің кешенді тестілеуге өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы 2022 жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін жүргізіледі.

 

✅Тіркелу үшін сілтемеhttps://app.testcenter.kz/

✅Тестілеу құны – 11020 теңге

✅ Магистратураға КТ (кешенді тестілеу) 2022 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.

✅ Кешенді тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді

✅ Магистратураға «М035-Сән, дизайн» білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтиханға өтініш беру мерзімі 1 маусым – 15 шілде 2022 ж. аралығында жүргізіледі.

«М035-Сән, дизайн» білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтихандар 2022 жылдың 16-25 шілде аралығында өтеді.

✅ Түсу емтихандары мен КТ тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

✅ Конкурс – 2022 жылдың 20 тамызына дейін жүргізіледі.

✅ Оқуға қабылдау – 2022 жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Магистратураға түскен тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

–  Университет басшысының атына өтініш;

–  жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

–  жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

–  3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

–  № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

–  шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда);

–  еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

–  ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

⠀⠀
✅ Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

IELTS, шекті балл – кемінде 6,0,

TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60,

TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498,

DSH, (Niveau С1/деңгей C1),

TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі),

TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес,

DELF, B2 деңгейі,

DALF, C1 деңгейі,

TCF – кемінде 50 балл.

Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ тестілеуінің «Шет тілі» (ағылшын тілі) бөлімін тапсырудан босатылады.»;

✅ Сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға шет тілі бойынша тестілеуден 50 балл есептеледі.

✅ Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шәкіліге сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте:

Шет тілі бойынша – кемінде 25 балл;

Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша– кемінде 7 балл;

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;

✅ Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте:

оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл,

білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша – кемінде 7 балл

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін        КТ және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде кемінде 75 балл жинаған үміткер қабылданады, бұл ретте:

шет тілі бойынша – кемінде 25 балл;

оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;

әр шығармашылық емтиханнан – кемінде 7 балл.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық негізде оқуға КТ және түсу емтихандары бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.:

1)  ғылыми-педагогикалық үшін – кемінде 75 балл, бұл ретте:

Шет тілі бойынша – кемінде 25 балл;

Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша – кемінде 7 балл;

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде                     7 балл;

2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – кемінде 50 балл, бұл ретте:

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (Қазақ/Орыс/ Ағылшын) – кемінде 7 балл;

Білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндері бойынша тест (ағылшын тілінде) – кемінде 7 баллдан.

 

✅ Шет ел азаматтарының құжаттарын қабылдау 2022 жылдың 15 маусымы мен 15 тамыз аралығында жүргізіледі.

✅ Шет ел азаматтарымен әңгімелесу 2022 жылдың 10-25 тамыз аралығында өтеді.

✅Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.

– Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі.

– Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.