Шетел азаматтары

Құжаттарды қабылдау-15 маусымнан 15 тамызға дейін

Онлайн-әңгімелесуді өткізу-10-25 тамыз аралығында

Келісімшарт жасасу, төлем жасау, оқуға қабылдау-25 тамызға дейін

1. Қажетті құжаттар тізімін танысу және қабылдау комиссиясына тапсыру үшін дайындау. Құжаттарды тапсыру екі форматта жүзеге асырылады. 

Дәстүрлі формат

1.1 Нұр-сұлтан қаласы, Қажымұқан даңғылы, 13а мекен-жайы бойынша орналасқан құжаттарды қабылдау залына электронды кезек арқылы тіркеліп тәртібімен келіп, құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқаларын (салыстыру үшін)* әңгімелесуден өту үшін тіркелуге келесіз:

1) Платонус ААЖ белгіленген нысан бойынша өтініш

2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы);

3) Төлқұжат көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған аударма, көшірмесі және қазақ немесе орыс тіліндегі аударма), сондай-ақ тұруға ықтиярхаттың көшірмесі;

4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.

* Сенім білдірілген тұлға құжаттарды тапсырған кезде нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну қажет.

Онлайн формат

1.2 Платонус ААЖ-ға тіркелу, «талапкер» модулі «әңгімелесуге өтініш» https://edu.enu.kz/registration.html және келесі құжаттарды жүктеңіз:

1) Аттестат (Диплом), (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы. Тұратын еліңізде жасай аласыз);

2) Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сондай-ақ бар болған жағдайда ықтиярхаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы). Тұратын еліңізде жасай аласыз);

3) 3×4 өлшемді электронды фото;

4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.

2. Онлайн-әңгімелесуден өту күні мен уақыты туралы ақпаратпен танысу (қоса беру). Сілтемені ЕҰУ қабылдау комиссиясының өкілі әңгімелесу өткізуге бір күн қалғанда жолдайды. 

3. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша шетел азаматтарына арналған әңгімелесу бағдарламасымен танысу

4. Онлайн-әңгімелесуден сәтті өткеннен кейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде оқуға қабылдау қағидаларымен және келісімшарттың талаптарымен танысу қажет

5. Платонус ААЖ-ға «ЖОО-ға қабылдауға өтініш (келісімшарт негізінде)» беру, келісімшарт жасасу, төлем жүргізу

Шетел азаматтары, ҚР резиденттері емес үшін оқу ақысы, қабылдау 2021, төлем үшін банк деректемелері

Онлайн берген кезде чекті admissionenu@gmail.com электрондық поштаға жіберіңіз

6. Оқу визасы қажет болған жағдайда Платонус ААЖ жеке кабинетінде «Талапкер» – «оқу визасы талап етіледі» модулін белгілеңіз

7. Қазақстанға келген соң онлайн-тіркелу кезінде құжаттардың түпнұсқаларын қабылдау комиссиясына ұсыну қажет

* Аттестаттың немесе дипломның түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған аудармасы (қажет болған жағдайда);

* Төлқұжат көшірмесі және нотариалды куәландырылған аударма (қажет болған жағдайда);

* № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.

* Фото 3х4 – 6 дана;

* Медициналық сақтандыру

 

Шетелдіктердің оқуға түсу мәселелері бойынша:

Ахметова Әсем 87088922381, 87081246164