Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтиханға құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 20 маусымы мен 07 шілде аралығында өтеді.
Шығармашылық емтиханға тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Шығармашылық емтиханға онлайн тіркелу «Platonus» ААЖ арқылы жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша сілтеме арқылы хабарласуға болады.
Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру ағдарламаларының нөмірі және атауы

Шығармашылық емтиханды өткізу түрі

1 В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер Мамандану бойынша нормативтер
2 В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс Жазбаша жұмыс-аудиовизуалды немесе медиа жұмысты талдау Коллоквиум және портфолио
3 В031 Сән, дизайн Сурет, кескіндеме 2 Композиция 2 немесе сызу
4 В033 Дінтану және теология Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Дін негіздері бойынша ауызша емтихан
5 В042 Журналистика және репортер ісі Шығарма Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
6 В073 Сәулет Сурет Сызу

Шығармашылық емтиханға тіркелу үшін қажет құжаттар тізімі:

  1. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (талапкердің/заңды өкілдерінің);
  3. туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған талапкерлер үшін)
  4. ҰБТ сертификаты (бар болса);
  5. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады;
  6. 3 x 4 көлемдегі цифрлық фото;
  7. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (төлнұсқа);
  8. флюорография (көшірмесі);
  9. 1 дана скоросшиватель;
  10. 2 дана файл.

Ескерту:
– 2,3 тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады.
– Егер өтініш беру кезінде талапкер 18 жасқа толмаған болса, онда өтінішті оның заңды өкілдері береді.
– Тіркеуден өту үшін 1,2,4,5,7,8 тармақшаларда көрсетілген құжаттардың электрондық нұсқасы (pdf) талап етіледі.

«Шығармашылық емтиханға «Platonus» ААЖ арқылы өтініш беру нұсқаулығы»

Шығармашылық емтихандар бағдарламалары

Шығармашылық емтихандар кестесі