«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ мектеп бітіруші түлектерді «Талапкер -2023» Ашық есік күніне шақырады 25 ақпан 2023 жыл, сағат 10.00

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» – бұл тек университетпен танысу ғана емес, сонымен қатар болашаққа дұрыс жол таңдаудың нақты мүмкіндігі.

Биылғы жылы қабылдау бойынша университеттің білім беру бағдарламасымен және қабылдау шарттарымен танысқысы келетін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының түлектерін қатысуға шақырамыз.

 

«Талапкер -2023» Ашық есік күні аясында келесі іс-шаралар өтеді:

– Дизайн және сәулет бойынша студенттердің инновациялық экспозициясы;

– Шеберлік сабақтарын өткізу;

– Факультеттермен танысу экскурсиялары;

– Факультет декандарымен, профессорлық оқытушы құрамымен және әскери кафедра өкілдерімен кездесулер;

– ЕҰУ студенттік өмірімен танысу;

– ЕҰУ-де оқу аясындағы халықаралық білім беру ерекшеліктері;

– Концерттік бағдарлама.

 

Өтетін орыны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, Қ.Сәтпаев көшесі, 2, «Күлтегін» атриумы.

Барлық сұрақтар бойынша Кәсіби бағдар беру бөліміне хабарласыңыз.

Мекен жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі №13а, 104 каб.

Телефондар: +7(7172) 70-94-50, 70-95-00 ішкі: 31-192.

+77084253099, +77085267882.

E-mail: pk@enu.kz